Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі команда бір-біріне сай болды": көкпардан ұлттық құрама бапкері қазақ-қырғыз ойыны туралы айтты

Жарияланған күні:

Бас бапкер Ақылбек Манкеев
Бас бапкер Ақылбек Манкеев. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ақылбек Манкеев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында Қырғызстан командасына қарсы өткен ойын туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстан құрамасы финалда Қырғызстан командасын қосымша уақытта 5:4 есебімен ұтып, алтын медаль жеңіп алған еді.

"Ойын соңғы секундтарға дейін тартысты өтті. Екі команда бір-біріне сай, өте жақсы дайындықпен келген. Басқасынан бұрын осы ойынды асыға күттік.

Өздеріңіз байқағандай, бірінші кезеңде қырғыз бауырлар алға шығып, біздің жігіттердің мәртебесі сәл төмендегендей болған. Бірақ психологиялық тұрғыда жігіттеріміз күшті дайындығын көрсетіп, ары қарай алып шықты", - деді Ақылбек Манкеев.

Бүгін қырғыз халқының ұлттық спорты көк бөріден де финалдық бәсеке өтеді. Ақтық сында тағы Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездеседі. Бұл ойын сағат 16:30-да басталады.

Еске салайық, Көшпенділер ойындарында көкпар спортынан жүлдегер атанған құрамалар қанша сыйақы алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2160666-eki-komanda-bir-birine-sai-boldy-kokpardan-ulttyq-qurama-bapkeri-qazaq-qyrgyz-oiyny-turaly-aitty/