jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қырғызстанға 6 млн теңге: көкпардан жүлдегер атанған құрамалар қанша сыйақы алды

    Көкпаршыларды марапаттау рәсімі
    Көкпаршыларды марапаттау рәсімі. Фото: KAZ.NUR.KZ/ Ахмет Қамшыбек

    Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар додасы аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Финалда Қазақстан және Қырғызстан құрамалары бірінші орынды сарапқа салды. Бұл бәсекеде қазақ спортшылары 5:4 есебімен басымдық танытып, алтын медаль жеңіп алды. Ал қырғыз көкпаршылары күміс жүлде еншіледі.

    Көкпар жарысының қола жүлдесі Ресей құрамасына бұйырды. Үшінші орынға таласта ресейліктер Түркияны 8:2 есебімен жеңді.

    Үш құрама да ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қола жүлдегер Ресей құрамасына 4 миллион теңге, күміс жүлдегер Қырғызстан құрамасына 6 миллион теңге, ал алтын медаль иегері Қазақстан командасына 10 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Сондай-ақ қырғыз спортшысы Манас Ниязов үздік ойыншы атанып, 2 миллион теңге сыйақы алды.

    Еске салайық, қырғыз көкпаршылары марапаттау рәсімінде Қазақстан әнұраны орындалмай жатып кетіп қалғанын жазған едік.

    Қырғызстанға 6 млн теңге: көкпардан жүлдегер атанған құрамалар қанша сыйақы алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram