Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық тұлпар Қабирхан бүгін Көшпенділер ойындарындағы бәйгеге қатыса ма

Жарияланған күні:

Қазақстандық сәйгүлік Кабирхан
Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан. Фото: facebook.com/redstablesdubai

Бүгін, 13 қыркүйекте Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бәйге өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Көшпенділер ойындарында ұшқыр бәйге (1600 метр, 2400 метр, 3200 метр), жорға (9 км), құнан бәйге (11 км), топ бәйге (18 км), аламан бәйгеден (25 км) жүлделер сарапқа салынады.

Қазақстан бәйге федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қабирхан бүгінгі сайысқа қатыспайды.

Тамызда Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қайырхан Мәулен сәйгүлік Қабирхан Көшпенділер ойындарына қатысуы мүмкін екенін айтқан еді.

Еске салайық, Қабирхан қаңтарда Дубайда өткен екі бәйгеде де жеңіске жетті. Ал наурызда болған әлем кубогінде мәре сызығын сегізінші болып кесті.

Қазір Көшпенділер ойындарының медаль кестесінде Қазақстан құрамасы 86 жүлдемен (33 алтын, 25 күміс, 28 қола) көш бастап тұр. Екінші орынға Қырғызстан жайғасты. Бұл құраманың қоржында 53 медаль бар (16 алтын, 17 күміс, 20 қола). Ал үздік үштікті 34 жүлдемен (11 алтын, 12 күміс, 11 қола) Өзбекстан түйіндеп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2160864-qazaqstandyq-tulpar-qabirhan-bugin-koshpendiler-oiyndaryndagy-baigege-qatysa-ma/