Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкпар мен көк бөріні Көшпенділер ойындарынан алып тастау ұсынылды

Жарияланған күні:

Көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары
Көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Қырғызстанның бұрынғы мәдениет, ақпарат және туризм вице-министрі Мақсат Чаки Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан көкпар мен көк бөрі ұлттық спортын алып тастауды ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мақсат Чаки Facebook желісіндегі ресми парақшасында көкпар мен көк бөріні Көшпенділер ойындарынан алып тастау қажет екенін жазды.

"Көк бөрі мен көкпарды Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасынан алып тастауды ұсынамын. Қос елдің федерациясы да халықаралық деңгейде матч өткізе алмайтынын көрсетті", - деп жазды Мақсат Чаки.

Сонымен қатар ол осы екі ойынды біріктіріп, бір спорт түрін жасап шығару керек екенін айтты және оған ULAK деген атау беруді ұсынды.

"Мен екі халықаралық федерацияны бір халықаралық конфедерацияға біріктіруді және оны жаңа брендпен – ULAK деп атауды ұсынамын, яғни ойынның түпнұсқа атауына қайта оралайық. Бұл қадам бірегей стандарттар жасауға мүмкіндік беріп, халықаралық аренада тек ULAK ойыны бойынша бәсекелесуге жол ашады. Ал көк бөрі мен көкпар стандарттары тек өз елдерінде, яғни Қырғызстан мен Қазақстанда қалуға тиіс. Әйтпесе, мәңгілік даулар туа береді, тіпті олар үлкен қақтығыстарға ұласуы мүмкін.

ULAK – қазақтың немесе қырғыздың ғана ойыны емес, ол барлық түркі халықтарына ортақ ойын. Ал көк бөрі мен көкпар брендтері қырғыздар мен қазақтар үшін өздеріне ғана тән және оларды сақтап қалды. Бірақ ULAK түркі әлемінің ортақ құндылығы ретінде қабылдануы керек.

Енді келіспеушіліктерді артта қалдырып, бірігетін уақыт келді! Тек осылай біз өз этноспортымызды бүкіл әлемге таныта аламыз", - деп жазды Мақсат Чаки әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, кеше, 12 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпар мен көк бөріден Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасында финалдық бәсекелер өтті.

Көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңіп, алтын медаль еншіледі.

Көк бөріден Қырғызстан спортшылары Қазақстаннан 10:4 есебімен басым түсіп, жарыс жеңімпаздары атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2161107-kokpar-men-kok-borini-koshpendiler-oiyndarynan-alyp-tastau-usynyldy/