jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Көк бөріден Қырғызстан құрамасы Көшпенділер ойындарының финалында Қазақстанды жеңді

    Көк бөріден Қазақстан құрамасының спортшысы
    Көк бөріден Қазақстан құрамасының спортшысы. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

    Бүгін, 12 қыркүйекте көк бөріден Қазақстан және Қырғызстан құрамалары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Елордадағы "Қазанат" ипподромында өткен финалда қырғыз спортшылары үш кезеңде де басымдық танытып, 4:10 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қырғызстан қоржынына 11-алтын медаль түсті. Ал Қазақстан құрамасы күміс жүлде иеленді.

    Көк бөрі додасында қола жүлдені Түркия командасын 12:4 есебімен жеңген Ресей құрамасы еншіледі.

    Бүгін көкпардан да финалдық бәсеке өткен еді. Қазақстан құрамасы Қырғызстаннан қосымша уақытта басым түсіп, алтын медальді қанжығалады. Кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификаттармен марапатталды.

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Қатысушылар ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек, садақ ату және халық ойындары сияқты 21 спорт түрінен бақ сынап жатыр. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    Көк бөріден Қырғызстан құрамасы Көшпенділер ойындарының финалында Қазақстанды жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.