Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көкпарда Қырғызстан құрамасының ойыншысына қысым көрсетті": ҰҚК өкілдері мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары
Көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері қысым көрсетті деген ақпарат тарады. Осыған қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық қауіпсіздің комитетінің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше, 12 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпар мен көк бөріден Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасында финалдық бәсекелер өтті.

Көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңіп, алтын медаль еншіледі.

Көк бөріден Қырғызстан спортшылары Қазақстаннан 10:4 есебімен басым түсіп, жарыс жеңімпаздары атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2161147-qazaqstan-men-qyrgyzstan-quramasy-arasyndagy-kokpar-oiyny-uqk-malimdeme-zhasady/