Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автокөлік, ақшалай сертификат: Атырау облысының әкімі Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады (видео)

Жарияланған күні:

Атырау облысының әкімі Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады
Атырау облысының әкімі Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады. Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздарын және қатысушыларын марапаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атыраулық спортшылар Зарина Раифова мен Жұрқамырза Шүкірбеков Париж Паралимпиадасында дзюдодан қола жүлде жеңіп алған еді.

"Сіздерді спорт әлеміндегі дүбірлі дода, төртжылдықтың басты бәсекесінің бірі – Париж Паралимпиадасындағы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтап, жастарға жарқын үлгі бола білгеніңізге ризашылығымды білдіремін. Атырау жұрты ел намысы жолында аянбай тер төгіп, биік мақсаттарға көз тіккен өздеріңіздей еңселі перзенттерін мақтан тұтады. Алар асуларыңыз көп болып, қоржыныңыз жүлдеге толсын! Еңбегіңіздің жемісті, жолыңыздың жеңісті болуына тілекшімін!", - деді Шәпкенов.

Облыс басшысы Атырау спортын дамытуға үлес қосып жүрген спортшыларға алғыс хат пен ақшалай сертификат табыстады. Сонымен қатар Паралимпиада жүлдегерлері Зарина Раифова, Жұрқамырза Шүкірбеков пен бапкерлеріне "Zeekr" автокөлігі сыйға тартылды.

Еске салайық, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Париж Паралимпиадасынан жүлдемен оралған спортшыларды марапаттаған еді.

Қазақстан құрамасы Париж Паралимпиадасында 2 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте 39-орынға тұрақтаған еді. Бұл ел Паралимпиадасы тарихындағы рекордтық көрсетекіш саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2162773-avtokolik-aqshalai-sertifikat-atyrau-oblysynyng-akimi-paralimpiada-zhuldegerlerin-marapattady-video/