Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан келді" деп әндетті: өзбек жанкүйерлері әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын қолдады (видео)

Жарияланған күні:

Футзалдан Қазақстан құрамасының жанкүйерлері
Футзалдан Қазақстан құрамасының жанкүйерлері. Фото: instagram.com/kff_team_futsal

Өзбек жанкүйерлері өз жерінде өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына қолдау білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Футзалдан Қазақстан құрамасының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видеодан өзбек жанкүйерлері "Қазақстан келді" деп ән салғанын көруге болады. Олар Өзбекстан мен Қазақстан туын желбіретіп шеру жасаған. Сондай-ақ қазақ-өзбек жанкүйерлері әйгілі Әндіжан полькасына билеп, көңіл көтерген.

Бұдан бөлек Қазақстан – Ливия ойынында қырғыз, өзбек, түрік жанкүйерлері қазақстандық футзалшыларға қолдау білдірді. Бұл матчта Қазақстан құрамасы 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын Өзбекстандағы футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Ұлттық құрама топтық кезеңнің үшінші турының қорытындысы бойынша D тобында 4 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Осылайша Қазақстан футзалшылары үшінші турдың нәтижесі қандай болса да, 1/8 финалда ойнайды.

Рикардо Кака шәкірттерінің топтық кезеңдегі соңғы ойыны ертең, 21 қыркүйекте Жаңа Зеландия құрамасына қарсы өтеді. Бұл матч Астана уақыты бойынша 17:30-да басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2163969-qazaqstan-keldi-dep-andetti-ozbek-zhankuierleri-alem-chempionatynda-qazaqstan-quramasyn-qoldady-video/