Желіде еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның сүйіктісіне ұсыныс жасаған видеосы тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
TikTok әлеуметтік желісінде Гульяр Жолдасбаева есімді қолданушы еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханның сүйіктісіне ұсыныс жасаған сәтінен видео жариялады.
Сонымен қатар желі қолданушысы жастардың неке қиғанын хабарлап, суреттер жариялаған.
Мұны көрген желі қолданушылары спортшыға бақыт тіледі.
"Жастар бақытты болсын", "Қыз әдемі екен, бақытты болсын", "Бақытты бол, бауырым, сен бұл дүниедегі жақсылықтардың жақсысына лайықтысың", "Керемет жұп", - деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұханның өзі желідегі парақшаларында бұған қатысты еш жазба жарияламаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2164372-erkin-kuresten-alem-chempiony-rizabek-aitmuhan-suiiktisine-usynys-zhasady-foto-video/