Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайсар қыз": автокөлікті өз күшімен сүйреген ауыр атлет көпшілікті таңдандырды (видео)

Жарияланған күні:

Мира Ахметова
Мира Ахметова. Скриншот: tiktok.com/miraakhmetova06

Қазақстандық ауыр атлет Мира Ахметова әлеуметтік желіге ерекше видео жариялап, көпшілікті таңдай қақтырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мира Ахметова есімді ауыр атлет Tiktok желісіндегі ресми парақшасына жариялаған видеодан жеңіл автокөлікті бірнеше метрге қарапайым арқанның көмегімен жылжытқанын көруге болады. Сондай-ақ бұл оқиға ашық алаңда өтті. Мира Ахметованың осы бір өнерін көруге көп көрермен жиналып, спортшының күші мен төзімділігіне дән риза болды.

Әлеуметтік желі қолданушылары да жас қазақстандық спортшының қабілеттерін жоғары бағалап, оған сәттілік тіледі.

"Жарайсың, қазағымның қайсар мінезді қыздары аман болсын", "Тіл-көзден аман болсын", "Өмір жасың ұзақ болсын", "Керемет", "Міне, нағыз батыр қыз".

Айта кетейік, тағы қазақстандық спортшы қыз тарихи жетістікке жеткен еді. Ақтөбеде аралас жекпе-жектен өткен Alash Pride FC 100 мерейтойлық жүзінші турнирінде қазақстандық спортшы Зәмзәгүл Файзолланова жеңіске жетіп, лига тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2164630-qaisar-qyz-avtokolikti-oz-kushimen-suiregen-qyz-kopshilikti-tangdai-qaqtyrdy-video/