Үстел теннисінен Қазақстан командасының бапкерлер құрамы Астанада өтетін Азия біріншілігіне қатысатын құрамды жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Құрлық додасы 6-13 қазан күндері өтеді. Біздің еліміздің намысынг төмендегі спортшылар қорғайды.
- Кирилл Герасименко;
- Алан Құрманғалиев;
- Искандер Харки;
- Айдос Кенжеғұлов;
- Санжар Жұбанов;
- Сарвиноз Миркадирова;
- Зауреш Ақашева;
- Анастасия Лаврова;
- Анель Бахыт;
- Ангелина Романовская.
Еске салайық, Кирилл Париж Олимпиадасына қатықан еді. Ол алғашқы ойынында Чили елінің өкілі Николас Бургоспен шеберлік байқасып, 4 сетте де (11:4, 11:5, 12:10, 11:6) басым түскен еді. Кейін ол 1/16 финалда германиялық теннисші Данк Кьюға қарсы ойнап, 4:3 (6:11, 11:6, 13:11, 5:11,11:5,11:9) есебімен жеңген болатын. Алайда қазақстандық спортшы 1/8 финалда Мысыр өкілі Омар Ассардан 4:2 (8:11, 6:11, 12:10, 12:10, 11:9, 11:3) есебімен жеңіліп қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2164726-kirill-gerasimenko-bastagan-qazaqstandyq-tennisshiler-aziia-chempionatyna-qatysady/