Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясын басқара ма: миллиардердің өзі жауап берді

Жарияланған күні:

Тимур Турлов
Тимур Турлов. Фото: Freedom Bank

Миллиардер, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов өзінің футбол федерациясына басшылық қызметке ауысатыны жайлы қауесетке жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Тимур Турлов бұл сауалға нақты жауап қайтармаса да, өз орнында қалатынын баса айтты.

"Өз орнымдамын және болашағымды шахматпен байланыстырамын. Шахмат федерациясындағы жұмысымды жалғастырамын, қызметтен кететін ойым жоқ. Болашаққа үлкен жоспарымыз бар, себебі біз қазір 7-8 жасар балаларға инвестиция жасау керектігін білеміз. Ерлер құрамасына да көңіл бөлуіміз қажет. Біздің жігіттердің де әлем чемпионы атануға, үздік үштікке енуге әлеуеті жетеді.

Ұзақмерзімді инвестиция, яғни жастарға салынған қаражаттың арқасында алдағы уақытта бірінші орыннан көріне аламыз. Мұны рет-ретімен жоспарлап жүзеге асыру керек. Қуанатыным, әлі жаспын, тиісінше еңбегімнің жемісін де көре аламын, тіпті оған 15 жыл қажет болса да", - деді Турлов журналист Аян Төлегенге берген сұқбатында.

Айта кетейік, шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет Олимпиаданың күміс жүлдесін жеңіп, тарихи жетістікке жеткен болатын. Сол әйелдер құрамасында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман сынға түсті. Олимпиадада 1-2 орын алған ойыншыларға "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағы беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2165109-turlov-qazaqstan-futbol-federatsiiasyn-basqarady-milliarderding-ozi-zhauap-berdi/