Мажарстан астанасы Будапеште өткен шахмат Олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихында алғаш рет күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан командасы соңғы турда АҚШ-пен 2:2 есебімен тең ойнап, 18 ұпай жинады. Ал Олимпиаданың фавориті Үндістан құрамасы әйелдер мен ерлер арасындағы жарыста алтыннан алқа тақты.
Әйелдер құрамасында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман сынға түсті. Олимпиадада 1-2 орын алған ойыншыларға "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағы беріледі.
Айта кетейік, бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасы 2 жылда бір өтеді. Осыған дейінгі доданы Үндістанның Ченнай қаласы қабылдаған. Сол кезде Қазақстан әйелдер командасы (Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаева, Ксения Балабаева, Назерке Нұрғали) 352 ұпаймен үздік бестікті түйіндеді. Жансая Әбдімәлік 1-тақта бойынша қола жүлдегер атанған. Бұл осыған дейінгі ең үздік көрсеткіш болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2164462-tarihi-natizhe-shahmattan-qazaqstan-aielder-quramasy-algash-ret-olimpiada-zhuldegeri-atandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.