Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстікқазақстандық үш спортшы ақшалай сыйлық пен пәтерге ие болды (фото)

Жарияланған күні:

Ислам Евлоев
Ислам Евлоев. Фото: gov.kz

Бүгін, 2 қазанда СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлем чемпионаттары мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың жаттықтырушыларын марапаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Астанада өткен көшпенділер ойындарында Қазақ күресінен Мейіржан Берекетов чемпион атанса, "Бес асықта" Сәния Әскер алтын алды, "Құнан бәйгеде" "Қамысқұлақ" атты сәйгүлікпен шабандоз Әмір Серік жеңімпаз атанды.

Ислам Евлоев Испанияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанса, Иорданияда өткен әлем чемпионатында күрестен Анна Стратан қола жүлде жеңіп алды. Қазақ күресінен әлем кубогында Алтынбек Аусағитов жеңіс тұғырына көтерілді. Наталья Богданова – Азиаданың қола жүлдегері.

Ислам Евлоев, Алтынбек Аусагитов және Наталья Богдановаға пәтер кілттері табыс етілді. Мейіржан Берекетов, Анна Стратан, Сәния Әскер және бапкерлер алғыс хаттар мен ақшалай сыйақыларға ие болды.

"Бұл жетістіктер біз үшін аса маңызды, өйткені солтүстікқазақстандық спорт тарихында алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізілді. Спортшылар мен жаттықтырушыларға жоғары шеберлігі, табандылығы және қайсарлығы үшін алғыс айтамын", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Еске салайық, күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем біріншілігінде қазақстандық балуан Ислам Евлоев финалда өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алған еді.

СҚО әкімінің спортшылармен кездесуі
СҚО әкімінің спортшылармен кездесуі. Фото: gov.kz

СҚО спортшылары
СҚО спортшылары. Фото: gov.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2168809-soltustikqazaqstandyq-ush-sportshy-paterge-ie-boldy-video/