Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшпенділер ойындарында топ жарған қазақ көкпаршыларына жаңа автокөлік табысталды

Жарияланған күні:

Құрманбек Тұрғанбек
Құрманбек Тұрғанбек. Скриншот: instagram.com / qurmanbek.turganbek

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісі үшін көкпардан Қазақстан құрамасының барлық 12 ойыншысына темір тұлпар табысталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топ жарған көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасының барлық мүшесіне көлік табысталды.

Дереккөздің мәліметінше, әр команда мүшесіне сыйлықты Қазақстан көкпар федерациясы жасаған. Айта кету керек, федерацияны ірі құрылыс холдингінің акционері, кәсіпкер Бауыржан Исабаев басқарады.

Барлық көкпаршыларға бірдей Chevrolet маркалы автокөліктер берілді. Көкпаршылар алған темір тұлпарларының суреттерін әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялап жатыр.

Айта кетейік, кеше, 12 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпар мен көк бөріден Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасында финалдық бәсекелер өтті. Көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңіп, алтын медаль еншіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2168848-koshpendiler-oiyndarynda-top-zhargan-qazaq-kokparshylaryna-zhanga-avtokolik-tabystaldy/