jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қатарынан 4 жеңіліс: "Астана" баскетбол клубы ресейлік командадан ірі есеппен жеңілді

    Узодинма Утоми
    Узодинма Утоми. Фото: pbcastana.kz

    "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионатының өз алаңында мәскеулік ЦСКА-дан жеңілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кездесу "Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында" өтті. ВТБ Бірыңғай лигасының қазіргі чемпионы атағы бар қонақтар төрт ширектің барлығында жеңіске жетті. Жалпы есеп 93:48.

    Алаң иелері сапындағы ең нәтижелі ойыншы америкалық шабуылшы, Узодинма Утоми болды. Ол кездесу барысында 15 ұпай жинап үлгерді.

    Жаңа маусымның басында "Астана" төрт кездесуде де жеңіліп қалды. Қазіргі уақытта елордалықтар ВТБ Бірыңғай лигасының турнирлік кестесінің соңғы орынында тұр. Келесі кездесуде "Астана" 6 қазанда өз алаңында "Автодорды" қабылдайды.

    Қатарынан 4 жеңіліс: "Астана" баскетбол клубы ресейлік командадан ірі есеппен жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.