Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатында ел қоржынына жүлде салды

Жарияланған күні:

Нұрали Махмут
Нұрали Махмут. Фото: World Taekwondo

Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржынына тағы бір медаль түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық таеквондошы Нұрали Махмут 55 кг дейінг салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.

Финалдық кезеңде қазақстандық таеквондошы Нұрали Махмут Иран елінің спортшысы Сина Мохтарамиден жеңілді, тиісінше Мохтарами алтын медаль алды. 

Үшінші орынды ресейлік Азат Бесаев пен Қытайдан келген Хаожань Тан бөлісті. 

Айта кетейік, бұған дейін аталған додада таеквондодан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрай Қазнабек 59 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлде иегері атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2169748-qazaqstandyq-taekvondoshy-alem-chempionatynda-el-qorzhynyna-zhulde-saldy/