Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды

Жарияланған күні:

Кирилл Герасименко
Кирилл Герасименко. Фото: olympic.kz

Бүгін, 7 қазанда, Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда өтіп жатқан Азия чемпионатына 26 елден 210 спортшы қатысады. Аталмыш жарыста отандық команда құрамында осы спортшылар қатысады:

  • Кирилл Герасименко;
  • Алан Құрманғалиев;
  • Искандер Харки;
  • Айдос Кенжеғұлов;
  • Санжар Жұбанов;
  • Сарвиноз Миркадирова;
  • Зауреш Акашева;
  • Анастасия Лаврова;
  • Анель Бақыт;
  • Ангелина Романовская.

Жүлделер ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сын, командалық, сонымен бірге жұптық және аралас сындар бойынша таласқа салынбақ. 

Жарыс Ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр. Чемпионатты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Жарыстар күнделікті таңғы сағат 10:00-де басталады. Чемпионат 13 қазан күні аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2170944-astanada-ustel-tennisinen-aziia-chempionaty-bastaldy/