Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан сапындағы алғашқы медалін жеңіп алды

Жарияланған күні:

Софья Самоделкина
Софья Самоделкина. Фото: Jurij Kodrun - International Skating Union/International Skating Union via Getty Images

Қазақстан атынан өнер көрсететін ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Астанада өткен халықаралық "Denis Ten Memorial Challenge" V турнирінде медаль жеңіп алуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Denis Ten Memorial Challenge – 2024" – күміс медаль. Бұл – биылғы маусымдағы екінші жарыс. Бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр! Қолдауларыңыз үшін рақмет", - деп жазды Софья Самоделкина Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, Астанада 3-5 қазан аралығында өткен "Denis Ten Memorial Challenge" V халықаралық турниріне 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысты.

Еске сала кетейік, 17 жастағы Софья Самоделкина 2023 жылдың жазында Қазақстан азаматтығын алған. Ал 2024 жылдың мамырында оның Қазақстан құрамасына өтуі ресми түрде мақұлданды.

Сондай-ақ Софья Самоделкина 2021 жылы өткен "Denis Ten Memorial Challenge" турнирінде топ жарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2171334-reseilik-manerlep-syrganaushy-qazaqstan-sapyndagy-algashqy-medaldi-zhengip-aldy/