Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Юлия Путинцева Париж Олимпиадасының күміс жүлдегерін жеңіп кетті

Жарияланған күні:

Юлия Путинцева
Юлия Путинцева. Фото: Cameron Smith/Getty Images

Уханьдағы WTA 1000 санатындағы теннис турнирінің 2-айналымында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемнің 18-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичпен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кездесу үш сетке созылды. Бірінші кезеңде қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте қарсыласы қарымта қайтарды (3:6).

Ал шешуші кезеңде Путинцева ширақтық танытып, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің екінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, беларусь өкілі Арина Соболенкомен ертең, 10 қазанда жолығады. Ол бүгін чехиялық Катержина Синяковамен кездесіп жеңіске жеткен болатын.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева кеше рейтингте 250-ші орында тұрған қытайлық Чжан Шуайды жеңген.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығының рейтингінде төмендеген еді. Рейтингтің жаңартылған нұсқасы 7 қазанда жарияланды. Рыбакина 4-орыннан 5-орынға төмендеп, америкалық Коко Гауффқа жол берді. Аталмыш рейтингтің көш басында польшалық спортшы Ига Швятек, Арина Соболенко және америкалық Джессика Пегула бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2171989-qazaqstandyq-tennisshi-parizh-olimpiadasynyng-kumis-zhuldegerin-zhengip-ketti/