jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер теннис қауымдастығының рейтингінде төмендеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ WTA-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Рейтингтің жаңартылған нұсқасы 7 қазанда жарияланды. Рыбакина 4-орыннан 5-орынға төмендеп, америкалық Коко Гауффқа жол берді. Аталмыш рейтингтің көш басында польшалық спортшы Ига Швятек, Арина Соболенко және америкалық Джессика Пегула бар.

    Рыбакина тамыз айының соңынан бері ресми жарыстарға қатыспады. Ол жарақатына байланысты АҚШ ашық чемпионатының 2-тур матчы алдында ойыннан шығып қалды. Содан бері спортшы емделіп жатыр.

    Жақында Қазақстанның бірінші ракеткасы БАӘ-де желтоқсанда өтетін турнирде қатысуға өтінім берді. Рыбакина бұған дейін өнер көрсете ме, жоқ па әзірге белгісіз. Сондай-ақ өткен аптада теннисші Алматыда демалып жатқанын көрсеткен еді.

    Юлия Путинцева да әлемдік рейтингте төмендеді. Қазақстанның екінші ракеткасы үш позициядан айырылып, қазір 35-орында.

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.