Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Спорт федерацияларының жұмысына талдау жүргізетін арнайы комиссия құрылды

Жарияланған күні:

Спорт федерацияларының қызметіне талдау жүргізетін жұмыс тобы
Спорт федерацияларының қызметіне талдау жүргізетін жұмыс тобы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру жұмысы басталды. Осыған байланысты спорт федерацияларының қызметіне талдау жүргізетін жұмыс тобы құрылды, деп KAZ.NUR.KZ ҚР Туризм және спорт министрлігінің Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуде спортта басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруды, оның ішінде өңірлерде спорт түрлерін қаржыландыру саясатын айқындауды тапсырған болатын.

Президент тапсырмасын орындау мақсатында туризм және спорт министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы республикалық федерациялардың қызметіне талдау жүргізіп, олардың қаржыландыру тәсілдерін қайта қарайды. Сондай-ақ спорт саласының барлық деңгейінде бірыңғай басқару вертикалін қалыптастыру тетіктерін пысықтайды. Сонымен қатар басым спорт түрлерін нақтылау, өңірлердегі спорт саласына жауапты басқарма басшыларын тағайындауды уәкілетті органмен келісу секілді ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізеді.

Жұмыс тобының құрамына министрлік пен аймақтық дене шынықтыру және спорт басқармаларының қызметкерлері енді.

Қазіргі таңда топ мүшелері өңірлерге аттанып, жергілікті жердегі спорттың дамуына жан-жақты талдау жүргізу жұмыстарын бастап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2172651-sport-federatsiialarynyng-zhumysyna-taldau-zhurgizetin-arnaiy-komissiia-quryldy/