Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Черчесовке қатысты дау: министрлік түсініктеме беруді талап етті

Жарияланған күні:

Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: kff.kz

Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан Cтанислав Черчесовтің даулы сөзіне қатысты түсініктеме беруді талап етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрліктің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәлімдемесіне сүйенсек, кешелі бері әлеуметтік желілерде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен таралып, қоғам тарапынан наразылық туғызған.

"Министрлік бұл жағдайға бей-жай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдады. Хатта мемлекеттік тілдің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен "Тіл туралы" Заңына сәйкес жоғары тұратыны және оған барлық азаматтың құрмет көрсетуі керектігі айтылған.

Сонымен қатар федерациядан осы оқиғаға түсініктеме беру және С.Черчесовпен мемлекеттік тілге құрмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етілді. Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін федерация тарапынан тиісті шаралар қолданылуы керек деп санаймыз.

Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы министрлікке бағынысты ұйым емес екенін, тиісінше оның ішкі мәселелеріне араласа алмайтынын, дегенмен Қазақстандағы спорт саясатын қалыптастырып, жүргізетін ведомство болғандықтан, түсініктеме талап етуге құқылы екенін қаперге саламыз", - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ министрлік осы жазба арқылы еліміздегі өзге федерацияларды да мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға және оларға қатысты орынсыз қалжыңның алдын алуға шақырды.

Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясы бас бапкерге қатысты дауға жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2174645-cherchesovke-qatysty-dau-ministrlik-tusinikteme-berudi-talap-etti/