jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Жас болдық": Данияр Елеусінов бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты

    Данияр Елеусінов
    Данияр Елеусінов. Скриншот: youtube.com/@aidosbarsyerbossynuly

    Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов бірінші жұбайымен ажырасуының себебін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Данияр Елеусінов боксшы Айдос Ербосынұлына берген сұқбатында жеке өмірі туралы сыр ақтарды. Олимпиада чемпионы қазіргі таңда Даниэль, Мұхаммед есімді екі ұлы бар екенін айтты. Сондай-ақ ол бірінші әйелімен айырылысып кеткені туралы сөз қозғады.

    "Ол кезде біз жас болдық, қателіктер де, күнәлар да жасадық. Күнәңді ашып айтуға болмайды дейді ғой. Ол баламның анасы болғандықтан, жаман әңгіме қозғағым келмейді. Мен жақтан да, ол жақтан да бар. Бұйырғаны солай болды. Бірақ қателік бар екен деп ажыраса беру дұрыс емес деп ойлаймын. Алайда бастапқы себеп – дұрыс таңдауда және күнә жасамауда. Бәрі Исламға, тәрбиеге келіп тіреледі", - деді Елеусінов.

    Сонымен бірге боксшы төрт әйел алуға қатысты не ойлайтынын айтты.

    "Қазір қиын заман ғой. Көбі жағдайың болса ал деп жатады. Бірақ бәйбішеңді сыйлау керек, оның да пікірін сұрау қажет. Дінімізде бұған тыйым жоқ", - деді Олимпиада чемпионы.

    Айта кетейік, Данияр Елеусінов үш жыл бұрын берген сұқбатында екі әйелінен екі ұлы бар екенін, бұрынғы жарымен көрші тұратынын айтқан болатын.

    Данияр Елеусінов 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді. Ол қазіргі таңда кәсіпқой рингте өнер көрсетеді. Боксшы қыркүйекте Алматыда филиппіндік Джо Нойнайды жеңіп, WBC Peace титулын иеленген болатын.

    "Жас болдық": Данияр Елеусінов бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.