jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік бестіктен шығып қалды

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: Mark Brake/Getty Images

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингті жаңартты. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік бестіктен тыс қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Елена Рыбакина рейтингте 5-орыннан 6-орынға cырғыды. Бұған оның WTA қорытынды турниріндегі нәтижесі себеп болып отыр. Қазақстандық теннисші осы жарыста тек бір рет жеңіске жетіп, топтан шыға алмаған еді.

    Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева рейтингтегі 29-орнын сақтап қалды. Ал тізімдегі топ-3 теннисші өзгерген жоқ. Белорусь спортшысы Арина Соболенко көш басында болса, польшалық Ига Швентек екінші орында, ал АҚШ өкілі Кори Гауфф үздік үштікті түйіндеп тұр.

    Жұптық сында ойнайтын қазақстандық теннисші Анна Данилина 22-орында қалды. Чехиялық Катерина Синякова мен Жаңа Зеландия спортшысы Эрин Рутлифф жұптық рейтингте әлі де көшбасшы болып тұр. Ал канадалық Габриэла Дабровски украиналық Людмила Киченоктың орнына үшінші сатыға көтерілді.

    Еске салайық, Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінде қанша табыс тапқанын жазған едік.

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік бестіктен шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.