jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    11 жастағы қазақ қызы қарсылас шақ келтірмей, екі аптаның ішінде төртінші турнирінде чемпион атанды

    Жания Бекмұхамбетова
    Жания Бекмұхамбетова. Фото: Olympic.kz

    Қазақстандық спортшы Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жания Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінде 11 жасқа дейінгі санатта үздік атанды. 

    Қазақстандық спортшы аталмыш турнирде Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді.

    Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орынды иеленген еді.

    Сондай-ақ ол Словакия, Мысыр және Венгрияда өткен WTT Youth Contender турнирлерінде чемпион атанған еді.

    11 жастағы қазақ қызы қарсылас шақ келтірмей, екі аптаның ішінде төртінші турнирінде чемпион атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.