jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан азаматтығын алған ресейлік спортшы халықаралық жарыста күміс жүлде еншіледі

    Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина
    Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина. Фото: instagram.com/sofyasamodelkina

    Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Софья Самоделкина Эстонияның Таллин қаласында өткен Tallinn Trophy турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Софья Самоделкина жарыстың бірінші күнінен кейін үшінші орында тұрған еді. Кейін 17 жастағы спортшы еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша бір позицияға көтерілді. Турнирдегі екінші өнерінен соң мәнерлеп сырғанаушы 119,27 ұпай алды. Төрешілер бір элементтен басқасын оң бағалады.

    Самоделкина жалпы 173,25 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Ол тек бельгиялық Нина Пиндзарронеден (192,48) ұтылды. Үздік үштікті канадалық Сара-Мод Дюпуа (163,58) түйіндеді. Осы жетістігінен соң Самоделкина Instagram-дағы парақшасына жазба жариялап, қолдау білдірген жандарға алғыс айтты.

    "Қазақстан, мен сені жақсы көремін", - деп қазақ тілінде жазды мәнерлеп сырғанаушы.

    Айта кетейік, биыл Қазақстан азаматтығын алған Самоделкина ел құрамасы сапындағы алғашқы маусымын өткізіп жатыр. Спортшы бұған дейін Ресей атынан өнер көрсеткен.

    Сондай-ақ Эстониядағы жарыста жасөспірімдер арасындағы жекелей бәсеке басталды. Қазақстандық спортшы Никита Кривошеев қысқа бағдарламада 60,82 ұпай жинап, швейцариялық Эн Вейлерден (61,66) кейін аралық екінші орынды иеленді.

    Қазақстан азаматтығын алған ресейлік спортшы халықаралық жарыста күміс жүлде еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.