Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы Майк Тайсон көз түйістіру рәсімінде блогер Джейк Полдың бетінен шапалақпен ұрып жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Майк Тайсон мен Джейк Пол жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Кейін көз түйістіретін кезде Тайсон қарсыласының бетінен шапалақпен ұрып жіберген.
Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек 16 қарашаға қараған түні Арлингтонда (АҚШ) өтеді. Кездесу 8 раундқа жоспарланған, әр раунд 2 минуттан болады.
58 жастағы Майк Тайсон 20 жылдан соң кәсіпқой рингке оралғалы отыр. Ол соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасып, ирландиялық Кевин Макбрайдқа есе жіберген еді. Ал Джейк Пол соңғы мәрте биыл шілдеде шаршы алаңға шығып, UFC-дің бұрынғы жауынгері Майк Перриді жеңген болатын.
Пол кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, 10 рет жеңіске жеткен (жетеуі нокаутпен) және бір рет жеңіліске ұшырады. Ал Тайсон 50 рет жеңіске жетті (44-і нокаутпен) және алты мәрте жеңіліс тапқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2187704-maik-taison-koz-tuiistiru-kezinde-qarsylasyn-shapalaqpen-tartyp-zhiberdi-video/