Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Пара үстел теннисі федерациясының Instagram-дағы парақшасында ресми мәлімде жарияланды.
"Перизат Қайрат ұсталуына және тергеу жүріп жатқанына байланысты ол бұдан бұлай осы ұйымның президенті емес. Шешім 2024 жылғы 14 қарашада федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданды.
Ол тағайындалған сәттен бастап оның басшылығымен ешқандай ресми отырыстар мен жұмысқа қатысты бұйрықтар өткізілмегенін атап өткіміз келеді. Біз пара үстел теннисі мен спортшыларымыздың дамуын қолдай отырып, ашықтық пен заңдылық қағидаттарына сәйкес жұмысты жалғастырамыз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 14 қарашада қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат көктемгі су тасқыны кезінде халықтан жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталғаны мәлім болды. Қаржы агенттігінің мәлімдеуінше, Перизат Қайрат қорға түскен ақшаның негізгі бөлігін жылжымайтын мүлік пен бағалы заттар сатып алуға жұмсаған.
Кейін қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов Biz Birgemiz қорының басшысы Перизат Қайрат ісіне қатысты сауалдарға жауап берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2188001-perizat-qairat-para-ustel-tennisi-federatsiiasynyng-basshysy-qyzmetinen-bosatyldy/