jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы антидопинг ережелерін бұзғаны үшін жазаланды

    Анар Сейтімова
    Анар Сейтімова. Фото: instagram.com/seitimova_anara

    Қазақстандық самбошы Анар Сейтімова антидопинг ережелерін бұзғаны үшін үш жылға дисквалификация алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық самбо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Федерацияның ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Анар Сейтімованың сынамасынан мельдоний препаратының ізі табылған. Енді қазақстандық спортшы 08.08.2024 – 07.08.2027 жылдар аралығында жарыстарға қатыса алмайды.

    35 жастағы Сейтімова биыл шілдеде Қытайдың Макао қаласында өткен Азия және Тынық мұхиты аймағының чемпионатында жауынгерлік самбодан +80 кг салмақта бақ сынап, алтын медаль иеленген еді. Ол бұрын дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасында өнер көрсетіп, әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы, Еуропа кубогінің қола жүлдегері атанған.

    Еске салайық, қазақстандық триатлоншы Әбусейіт Әлихан допинг қолданғаны үшін 3 жылға дисквалификация алған еді. Оның сынамасынан эритропоэтин препараты табылған. Спортшы 2024 жылдың 5 тамызынан 2027 жылдың 5 тамызына дейін жарыстардан шеттетілді.

    Қазақстандық спортшы антидопинг ережелерін бұзғаны үшін жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.