jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Назым Қызайбай Олимпиададан кейін табысталған көліктерді неге сатқанын түсіндірді

    Назым Қызайбай мен Қайрат Дүйсенов
    Назым Қызайбай мен Қайрат Дүйсенов. Фото: instagram/almatyboxing.kz

    Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге келгеннен кейін өзіне табыс етілген автокөліктерді сататынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі The DS' Show арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Боксшы Назым Қызайбай тележүргізуші Динара Сәтжанның Late night show бағдарламасында қонақта болды. Бағдарлама барысында журналист одан Олимпиададан кейін табыс етілген көліктерін неліктен сатып жатқанын сұрады.

    "Көлікті сату туралы хабарландыруды берген соң 15 минуттан соң өшіріп тастадым, бірақ соның өзінде көбі скрин жасап, түрлі сайттарда жазыпты. Шыны керек, асып-тасыған бай емеспін, төрт бірдей көлікті мініп жүре алмаймын. Одан да сол ақшаны керегіме жаратайын деп шештім", - деді Назым Қызайбай.

    Еске салайық, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай спортшысы Ву Юдан жеңіліп, қола жүлде иеленген еді. Қазақстандық боксшы 12 тамызда елге оралды.

    Назым Қызайбай Олимпиададан кейін табысталған көліктерді неге сатқанын түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.