Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәріне шыдайсың": ММА жауынгері базардағы жұмысы туралы айтты

Жарияланған күні:

Ержан Алиасқар
Ержан Алиасқар. Фото: instagram.com/naiza.mma

Қазақстандық ММА жауынгері, NAIZA лигасының файтері Елжан Алиасқар Sport+ Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында базардағы жұмысы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жібек жолы" базарында жұмыс істеп жатқаныма 5 жыл уақыт болды. "Қазақстан файтер" мен Octagon лигасында өнер көрсетіп жүргеннен кейін, ең басында базарда таныс біреуді көріп қалсам, тығылып қалатынмын. Қазір ұялмаймын, себебі адал еңбек етемін. Жұмыстың адалы жақсы ғой. Бала-шағам бар, соларға адал жерден тапқан табысымды апарамын. Базарда жұмыс істеу оңай емес. Қыстың суығы бар, жаздың ыстығы бар. Неше түрлі адамдар келеді, неше түрлі сөз айтады, соның бәріне шыдайсың", - деді жауынгер Ержан Алиасқар.

Айта кетейік, DAR Team командасының мүшесі Елжан Алиасқар 23 қарашада Алматыда өтетін NAIZA 69 турнирінде өнер көрсетеді.

Сондай-ақ DAR Team командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен Иэн Мачадо Гэрридің бір жаттығу залында дайындалып жатқан видеосы жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2190485-barine-shydaisyng-mma-zhauyngeri-bazardagy-zhumysy-turaly-aityp-berdi/