jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Бір-бірін жақсы таниды": желіде Шавкаттың Иэн Гэрримен бірге спарринг өткізген видеосы тарады

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    DAR PRO TEAM командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен Иэн Мачадо Гэрридің бір жаттығу залында дайындалып жатқан видеосы жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен жекпе-жек өткізеді.

    Бұған дейін жауынгерлер Kill Cliff жаттығу залында бірге жаттығу өткізген.

    "Шавкат Рахмонов пен Ян Гарри бір-бірін жақсы таниды! Біраз уақыт олар Kill Cliff залында бірге жаттығып, спарринг өтікзіп үлгерген болатын. Ресейлік жауынгер Абдулазиз Дацилаев (5-0) Рахмоновтың Гарриді ниндзя-чоумен тұншықтырғанын өз көзімен көргенін мәлімдеген болатын", - делінген DAR PRO TEAM командасының Instagram желісіндегі ресми парқшасында жарияланған видеоның сипаттамасында.

    Айта кетейік, мұнда UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Камару Усман да жаттығады.

    Шавкта Рахмонов – Иэн Гарри жекпе-жегінің жеңімпазы UFC чемпионы Белал Мухаммадтың келесі қарсыласы болады.

    "Бір-бірін жақсы таниды": желіде Шавкаттың Иэн Гэрримен бірге спарринг өткізген видеосы тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.