Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мылжың, көп сөйлейді": Шавкат Рахмонов UFC-дегі файтерлерді бірауыз сөзбен сипаттады (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов. Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC-дің жарылай орта салмақтағы жауынгері Шавкат Рахмонов бұл дивизионында өнер көрсететін басқа файтерлерді бірауыз сөзбен сипаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ESPN арнасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

ESPN арнасының журналисі қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтан жартылай орта салмақтағы өзге жауынгерлерді бірауыз сөзбен сипаттауды сұрады.

Шавкат Рахмоновтың UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадты "түсініксіз біреу" деп атады. Шавкаттың пікірінше, бұл дивизиондағы рейтингтің бірінші сатысында тұрған Леон Эдвардс – "сақ", ал үшінші орынға жайғасқан Камару Усман – "мылжың".

Ал аустралиялық Джек Делла Маддаленаны "ержүрек" деп атаса, Иэн Гэрриді "аузы жабылмайтын адам" деп сипаттады.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда UFC 310 турнирі аясында ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен жұдырықтасады. Бұл кездесуде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов қанша сыйақы алатыны да белгілі болды.

Сондай-ақ Шавкат Рахмонов Playboy журналының бұрынғы моделі Нина Мари Даниэльге қазақ тіліндегі ең ұзын әрі қиын сөзді үйреткен болатын. Ал The Ariel Helwani Show бағдарламасының продюсері Конор Буркс тымақ киіп, алғаш рет бешбармақтан дәм татқанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2196104-mylzhyng-kop-soileidi-shavkat-rahmonov-ufc-degi-faiterlerdi-birauyz-sozben-sipattady-video/