jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкатпен сұқбаттасқан америкалық журналист тымақ киіп, бешбармақтан дәм татты (фото)

    Конор Буркс
    Конор Буркс. Скриншот: youtube.com/@ArielHelwani

    UFC жауынгері Шавкат Рахмонов (18-0) америкалық спорт журналисі Ариэль Хельванидің YouTube желісіндегі The Ariel Helwani Show бағдарламасына сұқбат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сұқбат барысында бағдарламаның продюсері Конор Буркс қазақтың дәстүрлі бас киімі – тымақты киіп, қазақ мәдениетіне деген құрметін көрсетті. Сонымен қатар ол АҚШ-тағы қазақ мейрамханасына барып, ұлттық тағам – бешбармақтың алғаш рет дәмін татқанын айтты.

    Шавкат Рахмонов тымақ киген бағдарлама продюсеріне ерекше ризашылығын білдіріп, бас киімнің оған керемет жарасып тұрғанын атап өтті.

    Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) бес раундтық жекпе-жек өткізеді. UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингте Шавкат 3-орында тұрса, Гэрри 7-орында келеді.

    Айта кетейік, қазақстандық спортшы соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында америкалық Стивен Томпсонды (17-8-1) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

    Ал Иэн Гэрри үшін бұл биыл өткізгелі жатқан үшінші жекпе-жегі болмақ. Ол ақпан айында америкалық Джефф Нилді, ал маусымда британиялық Майкл Пэйджді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген.

    Конор Буркс қазақ мейрамханасында
    Конор Буркс қазақ мейрамханасында. Скриншот: youtube.com/@ArielHelwani

    Шавкатпен сұқбаттасқан америкалық журналист тымақ киіп, бешбармақтан дәм татты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram