jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Мен бақыттымын": Елена Рыбакина ұлттық құрамадағы жеңісіне қуанышты екенін жеткізді

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина United Cup турниріндегі жеңісінен кейін сұқбат беріп, команда үшін ерекше қуанышты екенін жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ United Cup турнирінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мен өте қуаныштымын және командам үшін бақыттымын. Барлығымыз барымызды салдық... Саша да жеке кездесуде керемет ойнады, ал мен үшін бүгінгі матч оңай болмады. Ширек финалға шыққаныма өте қуаныштымын.

    Қарсыласым ойынын агрессивті түрде жалғастырып, бірнеше сәтті соққы жасады. Матчбол кезінде маған сәттілік серік болды. Жалпы, бұл мен үшін өте ерекше матч болды", - деді Елена Рыбакина.

    Естеріңізге сала кетейік, Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирінің топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Испанияны 2:1 есебімен жеңсе, екінші матчта Грекиядан 3:0 есебімен басым түсті.

    Осылайша, теннистен Қазақстан құрамасы United Cup ширек финалына жолдама алды. Қазақстандық теннисшілердің ширек финалдағы қарсыластары алдағы уақытта белгілі болады.

    "Мен бақыттымын": Елена Рыбакина ұлттық құрамадағы жеңісіне қуанышты екенін жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.