jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысының әкімі "Ертіс" футбол клубына жаңа жылға ерекше сыйлық жасады (видео)

    "Ертіс" ойыншылары
    "Ертіс" ойыншылары. Фото: instagram/ertis_fc

    Жаңа жыл мерекесі қарсаңында "Ертіс" футбол клубына жайлы автобус сыйға тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ертістің" Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    43 жолаушыға арналған Yutong маркалы автобустың шалқаймалы орындықтары және аяққа арналған жастықтары бар.

    "Келер жылы "Ертіс" футбол клубына 60 жыл толады. Аты аңызға айналған команданың мерейтойы қарсаңында бұл лайықты сыйлық болды. Біздің даңқты клубты жандандыруға көмектескен және сүйікті командамызға әлі де қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысымды айтамын", - деп атап өтті өңір басшысы Асайын Байханов.

    Айта кетейік, павлодарлық "Ертіс" футбол клубы қайта жанданып, өткен жылғы маусымда футболдан Қазақстан "Екінші лигасында" өнер көрсетті. Жергілікті футболшылардан жасақталған команда чемпион атанып, "Бірінші лигаға" жолдама алды. Енді биыл "Ертіс" футбол Қазақстан Премьер лигасының жолдамасын сарапқа салады.

    Павлодар облысының әкімі "Ертіс" футбол клубына жаңа жылға ерекше сыйлық жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.