jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы әке атанды (фото)

    Футболшы Роман Асранқұлов
    Футболшы Роман Асранқұлов. Фото: instagram.com/fctobol

    Қазақстан құрамасының және қостанайлық "Тобыл" футбол клубының ойыншысы Роман Асранқұлов әке атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Тобылдың" Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Роман Асранқұлов пен жұбайы Анна қызды болды. Нәрестеге Оливия деген есім берілді.

    "Роман мен Аннаны осынау айтулы жаңалығымен құттықтаймыз. Ана мен балаға мықты денсаулық тілейміз! Бауы берік болсын!", - делінген "Тобыл" футбол клубының жазбасында.

    Айта кетейік, Роман Асранқұлов былтыр шілдеде шаңырақ көтерген еді. 25 жастағы футболшы – "Тобыл" командасының түлегі. Ол 2020 жылы Қазақстан Премьер лигасында дебют жасады. Ал 2021 жылы қызылордалық "Қайсарға" қарсы кездесуде ҚПЛ-дағы алғашқы голын салды.

    Роман осы уақытқа дейін ҚПЛ-да 56 ойын өткізіп, 2 гол соққан. Ол 2024 жылдан бастап Қазақстан құрамасында ойнап жүр. Футболшы ұлттық команда сапында 3 матч өткізді.

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы әке атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.