Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

Қысқы Универсиадаға Қазақстан құрамасынан бірінші болып хоккейшілер аттанды (видео)

Жарияланған күні:

Хоккейден Қазақстан құрамасының ойыншылары
Хоккейден Қазақстан құрамасының ойыншылары. Скриншот: instagram.com/salauatty_kazakhstan

13-23 қаңтар аралығында Туринде (Италия) өтетін Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға Қазақстан құрамасынан бірінші болып хоккейшілер аттанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігі "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Хоккейден Қазақстан құрамасы сапында алдағы қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында мемлекеттік туды алып шығатын Абылайхан Сүлейменов те бар.

"Туринде өтетін Универсиадада ел намысын қорғаймыз. Биыл ту ұстау мәртебесіне мен ие болдым. Елімізге жеңіс әкелуге тырысамыз. Қазақ елі, бізді қолдаңыздар!", - деді Сүлейменов.

Айта кетейік, Туриндегі қысқы Универсиадаға 103 қазақстандық спортшы қатысады. Олар биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғы спорты, ерлер мен әйелдер хоккейі және алғаш рет жарыс бағдарламасына енгізілген пара шаңғы бойынша сынға түседі.

Осымен 32-рет өткелі жатқан қысқы Универсиадаға 57 елден шамамен 2000 студент-спортшы бақ сынайды деп жоспарланған. Жарыс кезінде 11 спорт түрі бойынша 96 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2209923-qysqy-universiadaga-qazaqstan-quramasynan-birinshi-bolyp-hokkeishiler-atandy-video/