jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстандық конькишіге Әлем кубогының медалін иеленуге 0,01 секунд жетпей қалды

    Кристина Силаева
    Кристина Силаева. Фото: Lintao Zhang/International Skating Union via Getty Images

    Конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Кристина Силаеваға Әлем кубогы кезеңінде медаль иеленуге сәл ғана жетпей қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Канаданың Калгари қаласында өткен жарыстың соңғы күні спортшы 500 метр қашықтықта ең мықтылар дивизионында сынға түсті.

    Силаева 37,25 секунд нәтиже көрсетіп, төртінші орынға ие болды. Қазақстандық қыз қола жүлдегер атанған жапондық Куруми Инагавадан 0,01 секундқа қалып қойды. Енді 155 ұпай жинаған Силаева осы қашықтықта Әлем кубогының жалпы есепке алу кестесіндегі алғашқы 10 орынды тұйықтап тұр.

    Жеңіске голландиялық Фемке Кок (37,01) жетті, күміс орын поляк Анжелика Войчикке (37,16) бұйырды.

    Ерлер арасындағы ең мықты дивизионда қазақстандық Алтай Жәрдембекұлы жеке көрсеткішімен 18-орынға (34,73) ие болды. Жеңіске жалпы есепте көшбасшы америкалық Джордан Штольц (33,85) жетті.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Калгариде өткен Әлем кубогында Силаева В дивизионында 1000 метрлік қашықтықта екінші орынды иеленген болатын.

    Қазақстандық конькишіге Әлем кубогының медалін иеленуге 0,01 секунд жетпей қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.