jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Азиада-2025: мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қазақстан қоржынына қола әкелді

    Михаил Шайдоров
    Михаил Шайдоров. Фото: Сали Сабиров/Ұлттық олимпиадалық комитет

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында ерлер арасында жеке сырғанаудан жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бірнеше дүркін ел чемпионы қысқа бағдарламадан кейін төртінші орынға тұрақтады. Ол еркін бағдарламада 169.26 ұпайға ие болды. Кеше қысқа жаттығуда ол 76.75 балл жинаған. Нәтижесінде Шайдоров жалпы 246.01 ұпаймен үшінші орыннан көрінді.

    Тағы бір қазақстандық Диас Жиренбаев қысқа бағдарламадан кейін сегізінші орында болғанымен, еркін бағдарламадан кейінгі жалпы есепте 186.18 ұпаймен 9-орынға жайғасты.

    Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Чха Жунхван бірінші орынды иеленсе, әлем чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері, жапон Юма Кагияма күміс жүлдені еншіледі.

    Бұл мәнерлеп сырғанаудан Азиададағы Қазақстан қоржынына түскен 6-жүлде.

    Азиада-2025: мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қазақстан қоржынына қола әкелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.