RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Мен үшін бұл ерлік емес": сынған қолымен жарысқа шығып, қысқы Азиаданың қола жүлдегері атанған қазақ қызы туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Ардана Маханова
Ардана Маханова. Фото: Нұрғали Жұмағазы, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ардана Маханова жауырда Харбинде өткен ІХ қысқы Азия ойындарында синхронды секіру бойынша қола жүлдеге ие болды. Спортшы жарысқа сынған қолымен шыққан. Olympic.kz сайтына берген сұқбатында Ардана бұл жетістігін ерлік деп санамайтынын, сондай-ақ қазіргі уақытта қалай қалпына келіп жатқанын айтып берді.

Ардана Маханованың айтуынша, жарыста жарақатпен өнер көрсеткенін командасынан басқа ешкім білмеген.

"Командаластарым мен бапкерлерім маған үлкен қолдау көрсетті, сол үшін оларға алғысым шексіз. Қолым үшін алаңдаушылық болды, бірақ жарысқа бір күн қалғанда теріс ойлардан арылып, бар күшімді нәтижеге бағыттауға тырыстым.

Мен үшін бұл ерлік емес, керісінше, өзімді тексеру болды. Қиын болатынын білдім, бірақ команда мен бапкерлердің қолдауының арқасында бар ойымды жарысқа бұра алдым. Бұл жүлде – жарысқа дейінгі барлық еңбектің нәтижесі. Қандай жағдай болмасын, өзіме сеніп, мақсатқа жеткеніме қуаныштымын", - дейді Ардана Маханова.

Спортшы қазіргі ем қабылдып жатқанын айтады. Қолының гипсімен тағы екі апта жүруге тура келеді. Осыдан кейін толыққанды жаттығуға оралуға ниетті.

"Қажетті ем-дом шараларын алып жатырмын. Нақты мерзімді айту қиын, бірақ шамамен екі аптадан кейін гипсті шешемін. Одан кейін физиотерапия мен арнайы жаттығуларға (ЛФК) кірісемін. Жақын арада қатарға қосыламын деп үміттенемін", - деді ол.

Айта кетейік, Ардана Маханова қысқы Азия ойындарында синхронды секіру бағдарламасында Аяна Жолдаспен бірге өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2221778-men-ushin-bul-erlik-emes-syngan-qolmen-zharysqa-shygyp-qysqy-aziadanyng-qola-zhuldegeri-atangan-qazaq-qyzy-turaly-ne-bilemiz/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif