RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"5 жарым сағат ойнаған": Бибісара Асаубаева мен әлем чемпионы Александра Горячкина кім мықтыны анықтады

Жарияланған күні:

Бибісара Асаубаева мен Александра Горячкина
Бибісара Асаубаева мен Александра Горячкина. Фото: t.me/sport_comiteti

Францияның Монако Князьдігінде шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при кезеңінің 3-турында Бибісара Асаубаева мен әлем чемпионы Александра Горячкина шеберлік байқасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комиттетің хабарлауынша, ойын 5 жарым сағаттан астам уақытқа созылған.

Ағылшын мәнерінде басталған ойын ортасында қарсыластар тең тарқасатындай көрінген. Алайда Горячкина тізгінді әр жүріс сайын қолына алып, басым түскен.

Енді бүгін 4-турда Бибісара үнді гроссмейстері Харика Дронавалимен кездеседі.

Айта кетейік, Монако Князьдігінде турнирде әлемнің 10 үздік шахматшысы бақ сынап жатыр. Олардың арасында Бибісара Асаубаевадан бөлек, Тань Чжунъи, Александра Горячкина, Хампи Конеру, Катерина Лагно, Харика Дронавалли, Александра Костенюк, Сарасадат Хадемальшарьех, Элизабет Петц, Батхуягийн Монгонтуул бар.

Монте-Карлодағы турнир 2026 жылғы үміткерлер турниріне жолдама алу жолындағы маңызды кезең саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2222708-5-zharym-sagat-oinagan-bibisara-asaubaeva-alem-chempiony-aleksandra-goriachkina-kim-myqtyny-anyqtady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif