
Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама көшбасшысы Милад Карими Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің бірінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт және дене шынықтыру комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Еркін жаттығуда сынға түскен Милад Карими финалда 14.133 ұпай жинап, жеңіс тұғырынан көрінді.
Екінші орынды жапониялық Кацуки Минами (13.666) иеленсе, үшінші орын италиялық Никколо Ваннуччиге (13.533) бұйырды.
Айта кетейік, айтулы додада 28 елден 120 спортшы сынға түсіп жатыр. Әлем кубогінің келесі кезеңі наурызда Әзербайжан астанасы Бакуде өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 10 жылдан кейін марқұм Денис Теннің жетістігін қайталап, төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2223003-milad-karimi-germaniiadagy-alem-kubogynyng-kezenginde-altyn-medal-zhengip-aldy-video/
Пікірлер жүктелуде