jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстандық конькиші Польшадағы Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды (видео)

    Евгений Кошкин
    Евгений Кошкин. Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық Олимпида комитеті

    Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшадағы Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

    Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен жарыста Евгений Кошкин 500 метр қаштыққа жүгіруден жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.

    Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды – 34,76 секунд.

    Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қазақстан соңғы рет Әлем кубогы кезеңінде алтын медальді 2011 жылы командалық спринтте жеңіп алған.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін спорттық гимнастикадан ұлттық құрама көшбасшысы Милад Карими Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің бірінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алған еді.

    Қазақстандық конькиші Польшадағы Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.