
Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогының жалпы есебінде үшінші орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитеттің Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар командалық спринтте бесінші болып мәреге жетті.
Аталған дисциплинада өткен үш кезеңнің қорытындысы бойынша Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина жалпы есепте үшінші орынға ие болды.
Бірінші орынды Польша құрамасы жеңіп алды. Күміс медаль Канада спортшыларына бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Польшада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2223231-konkimen-zhugiruden-qazaqstan-aielder-quramasy-alem-kubogynyng-qola-zhuldesine-ie-boldy/
Пікірлер жүктелуде