jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстандық конькимен жүгіруші қатарынан екінші рет Әлем кубогында медаль алды

    Евгений Кошкин
    Евгений Кошкин. Фото: Сали Сабиров/Ұлттық олимпиадалық комитет

    Нидерландтың Херенвен қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Евгений Кошкин қола медаль алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Спортшы 500 метр қашықтықта үздіктер қатарынан көрінді. Ол мәреге 34,30 секундта жетіа, жеке рекордын орнатты. Осылайша, Кошкин үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізді.

    Еске салайық, бұған дейін Кошкин Польшада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған еді.

    Херенвендегі жарыста нидерландтық Дженнинг де Бу (34,18) жеңіске жетті. Күміс америкалық Джордан Штольцке (34,27) бұйырды, ол осы спорт түрінен Әлем кубогының жалпы кестесінде көш бастады.

    Әйелдер арасында қазақстандық Кристина Силаева 500 метр қашықтықта жарысып, 12-орынға (38,14) ие болды.

    Херенвендегі кезең 2 наурызға дейін жалғасады.

    Қазақстандық конькимен жүгіруші қатарынан екінші рет Әлем кубогында медаль алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.