RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Әлем кубогының кезеңінде екінші рет алтын алды

Жарияланған күні:

Евгений Кошкин
Евгений Кошкин. Фото: Сали Сабиров/Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды olympic.kz.

Қазақстандық спортшы 500 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетті. Оның уақыты – 34,46 секунд.

Мәреге екінші болып канадалық Лорен Дюбрель жетті – 34,51 секунд. Қола жүлдені нидерландтық Еннинг Де Боо иеленді – 34,52 секунд.

Айта кетейік, бұған дейін осы Әлем кубогының кезеңінде Кошкин үшінші орын алған болатын.

Сондай-ақ Евгений Кошкин Польшадағы Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алған еді. Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен жарыста Евгений Кошкин 500 метр қаштыққа жүгіруден жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2224940-qazaqstandyq-konkimen-zhugirushi-evgenii-koshkin-alem-kubogynyng-kezenginde-ekinshi-ret-altyn-aldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif