
Спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстан қоржынына екі бірдей жүлде түсті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов өзінің бірінші ресми жарысында-ақ тұтқалы ат снаряды жаттығуында чемпион атанды.
Тұтқалы ат снаряды. Ерлер:
- Бірінші орын - қазақстандық Нариман Құрбанов;
- Екінші орын - қазақстандық Зейнолла Ыдырысов;
- Үшінші орын - иорданиялық Ахмад Әбу әл-Сауд - Әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері
Жарыс ертең мәресіне жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2230146-parizh-olimpiadasynan-keiingi-algashqy-zharys-nariman-qurbanov-turkiiada-top-zhardy/
Пікірлер жүктелуде