jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Әбиба Әбужақынова мансабында тұңғыш рет әлем чемпионатының күмісін алды

    Әбиба Әбужақынова
    Әбиба Әбужақынова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жаһандық доданың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына күміс жүлде түсті. Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Спорт комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    48 келідегі Әбиба Әбужақынова шешуші сында былтырғы финалист Ассунта Скуттомен (Италия) жолығып, есе жіберді.

    Қос спортшы 2023 жылғы Әлем чемпионатында қола жүлде үшін таласып, жеңіс италиялық спортшыға бұйырған еді.

    Естеріңізге сала кетейік, Абиба бұған дейін 3 жыл қатарынан әлемдік додада жартылай финалға шығып, 2 мәрте қола жүлдегер (2022, 2024) атанған болатын.

    Әбиба Әбужақынова мансабында тұңғыш рет әлем чемпионатының күмісін алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.